Инфолист №24
ИНФОРМАЦИОННО-ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР НПО
«31» июля 2017 г
ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ
Ассоциация предпринимателей Карагандинской области
100017, г. Караганда, ул. Гоголя,31,
офис 204, т/ф 400862, 400863 e-mail: **Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.**
Облыстық ҮЕҰ Ақпараттық білім Орталығында Азаматтық бастамалар күні өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың Қарағанды облысы бойынша жобалық кеңсесінде өткен Азаматтық бастамалар күні аясында облыс орталығы мен өңірлердің тұрғындарының ұсыныстарын тыңдау және болашақта ескеру көзделген.
Зейнеткер, Қарағанды қаласының тұрғыны Тұрағұл Кәрімұлы қазақ тілін латын графикасына негізделген жазуға көшіру барысында емлені де жетілдіру ұсынысымен келді. Ақсақалдың баламалы энергия көздері мен көркі Швейцариядан еш кем емес өлкеде орын тепкен Қарқаралы қаласына кіре берісте орман ағаштарын отырғызуға қатысты жобалары да бар.
Өңірге аты мәлім өнертапқыш Қазыбек Сыздықов өзінің машина жасау, авиаөндіріс салаларына соны серпін беретін патенттелген өнертабыстары бойынша мемлекеттік сараптама өткізуді қаласа, жас кәсіпкерлер Әйгерім Шахина мен Бота Хабибулланың «Таланттар үйі» атты тың жобасы – дарынды тұлғалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау жолында таптырмас қазына. Саят Балмағамбетов мысты өңір Жезқазған қаласында «Сарыарқа» әмбебап спорт кешенін салу бойынша дайын бизнес-жобасын, құрамына ішкі істер органдарының, білім, денсаулық сақтау салаларының, дәстүрлі діндердің өкілдері кіретін нашақорлыққа қарсы қоғамдық жұмыс тобын құру секілді тұшымды идеяларды атап өту қажет.
Сергей Шемякиннің тарапынан қазақ тілін үйренуге арналған бейнесабақтарды супермаркеттер экрандарынан көрсету, И.Нечаеваның Қазақстанның жасыл экономикаға өтуіне байланысты және өнер мен шығармашылыққа қатысты жобалары, Майра Абдрахманованың өлкетану бойынша жасөспірімдерге танымдық ақпарат беретін экспедиция ұйымдастыру секілді ұсыныстары келіп түсті.
Музыкалық комедия театрының директоры Амантай Ибраев елімізде теңдесі жоқ «Қарағандының театрлық-музыкалық түндері» фестивалін және де жанрлық бағыттағы басқа да мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуді ұсынып отыр. Өңірдегі әдебиеттің дамуына алаңдайтын азамат, ақын Мейрам Қарасартовтың «Жаңа рух» атауымен әдеби бірлестік және зияткерлер клубын құру және А.Алишевтің Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойына орай ауқымды мәдени шараны өткізу, дана бабаға монумент тұрғызу жобаларын ерекше атап өткен жөн.
Кәсіпкер Данияр Бекмұхамбетовті қайырымдылық шараларына қатысты сұрақ қызықтырған екен.
«Азаматтық бастамалар күнінде келуішілер - үкіметтік емес ұйымдар, бюджеттік сала қызметкерлері, кәсіпкерлер, зейнеткерлер, шығармашылықпен шұғылданатын адамдар, спорт мекемелерінің өкілдерінің өз өмірлерін және айналасын жарқын қылуға деген шынайы ниеттері қуантады», - дейді өңірлік жобалық кеңсенің мүшелері. Аталған кеңсе қызметкерлері әрбір азаматтың пікірі құнды екенін атап өтті.
В Информационно-образовательном центре НПО проведен День гражданских инициатив
На инициативу по проведению Дня гражданских инициатив отклинулись жители Караганды и Карагандинской области, которые пришли поделиться своими предложениями и идеями.
Неравнодушного пенсионера Турагула Каримулы, жителя Караганды, привело желание поделиться своими идеями о необходимости совершенствования казахского языка при переходе на латиницу, о создании лесополосы при въезде на территорию «Карагандинской Швейцарии» - города Каркаралинска, о том, как можно внедрять альтернативные источники энергии.
Известный в регионе изобретатель Казбек Сыздыков предложил провести государственную экспертизу своих запатентованных изобретений, которые смогли бы сделать прорыв в индустрии машиностроения, авиапромышленности.
Молодые предпринимательницы Айгерим Шайхина, Бота Хабибулла пришли поделиться своим проектом «Дом талантов», позволяющий ракрыть творческий потенциал талантливых людей, а также дающий возможность каждому желающему реализовать свои самые дерзкие творческие мечты. Общественник Балмагамбетов Саят пришел с готовым бизнес-планом по проекту построения универсального спорткомплекса «Сарыарка» в городе Жезказган
Поступили инициативы – Сергея Шемякина по размещению видеоуроков казахского языка на экранах супермаркетов, проект по реализации перехода Казахстана к зеленой экономике а также несколько проектов в сфере искусства и творчества от И.Нечаевой, проект Майры Абдрахмановой об ознакомительной подростковой экспедиции по краеведению.
Директор театра музыкальной комедии Амантай Ибраев предложил провести не имеющий аналога в республике фестиваль под названием «Театральные музыкальные ночи Караганды», а также другие массовые культурные проекты и мероприятия жанровой направленности. Так же надо особо отметить поэта предложения Мейрама Карасартова по созданию литературного объединения и клуба интеллектуалов «Жаңа рух» для продвижения литературы в регионе и А.Алишева по проведения масштабного культурного мероприятия, приуроченного 350-летию Бухар жырау, а также строительству монумента Бухар жырау.
Предпринимателя Данияра Бекмухамбетова интересовал вопрос по части благотворительности. Поступили инициативы по созданию общественной антинаркотической рабочей группы, куда входят органы внутренних дел, управления образования, здравохранения, представители релиогизных конфессий и по вопросу социально значимого проекта по реабилитации лиц с особыми потребностями.
Работники бюджетной сферы, предприниматели, пенсионеры, творческие люди, представители неправительственных организаций спортивных объединений - люди, искренне желающие изменить свою жизнь и жизнь вокруг к лучшему – гости Дня гражданских инициатив.